
Вена, 2025 жылғы 21 қазан – Қазақстанның Аустриядағы Елшісі Мұхтар Тілеуберді Аустрия Парламенті Ұлттық кеңесінің Екінші Президенті Питер Хаубнермен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Аустрия арасындағы қатынастардың қазіргі жай-күйін, сондай-ақ парламентаралық ынтымақтастық пен экономикалық серіктестікті нығайту перспективаларын талқылады.
Президент Хаубнер Қазақстанмен байланыстарды одан әрі кеңейту қажеттілігіне қолдау білдіріп, үстіміздегі жылдың қараша айында аустриялық бизнес-делегациясының басшысы ретінде Астанаға бару ниетін растады.
Сапар барысында аустриялық тарап Қазақстанның депутаттық корпусымен жоғары деңгейде кездесулер өткізуге және екі мемлекеттің көлік-логистика және қаржы салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейту перспективаларын зерделеуге ниетті.