Қазақстан делегациясы ЮНСИТРАЛ-дың III жұмыс тобының 52-сессиясына қатысты

Қазақстан делегациясы ЮНСИТРАЛ-дың III жұмыс тобының  52-сессиясына қатысты

Вена, 2025 жылғы 22-26 қыркүйек - Венадағы БҰҰ бөлімшесінде Халықаралық сауда құқығы жөніндегі БҰҰ комиссиясының (ЮНСИТРАЛ) III Жұмыс тобының 52-сессиясы өтті.

Сессия жұмысына мүше-мемлекеттер мен байқаушы мемлекеттердің делегациялары, халықаралық үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ халықаралық инвестициялық құқық саласындағы жетекші сарапшылар қатысты.

Қазақстан делегациясы ретінде іс-шараға ҚР Әділет министрлігінің Мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау департаментінің директоры Е.А. Тұяқбаев қатысты.

Сессияның басты назары инвесторлар мен мемлекеттер арасындағы инвестициялық дауларды реттеу жүйесін реформалау мәселелеріне аударылды. Сондай-ақ қатысушылар халықаралық инвестициялық дауларды шешу жөніндегі Консультациялық орталық құру мәселелерін талқылауды жалғастырды.

Анықтама: ЮНСИТРАЛ-дың (Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық сауда құқығы жөніндегі комиссиясы) III Жұмыс тобы инвесторлар мен мемлекеттер арасындағы дауларды реттеу (ISDS) жүйесін реформалаумен айналысады. Топтың мақсаты – халықаралық сауда құқығын жаңғырту және инвестициялық дауларды шешудің қолданыстағы механизмдерін жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу.