Қазақстан ЕҚЫҰ шеңберінде шекара қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды қолдайды

Қазақстан ЕҚЫҰ шеңберінде шекара қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды қолдайды

Вена, 2025 жылғы 23 қыркүйек – Қазақстанның Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Мұхтар Тілеуберді Шекара қауіпсіздігі және басқару тұжырымдамасының 20 жылдығына арналған ЕҚЫҰ Қауіпсіздік комитеті отырысының ашылуында сөз сөйледі.

Елші М.Тілеуберді өз сөзінде Орталық Азия өңірі Ауғанстанмен жақын жерде орналасқанын, онда тұрақтылық пен қауіпсіздікке қатысты сын-қатерлердің жалғасып жатқан трансшекаралық салдары бар екенін атап өтті.

Қазақ дипломаты ЕҚЫҰ-ның мамандандырылған бағдарламалары мен практикалық бастамалары арқылы өңірдегі қауіпсіздікті нығайтудағы қолдауын жоғары бағалады. Ол ЕҚЫҰ Бас хатшысы Ф.Синирлиоглуның маусым айында Ыстамбұлда өткен Орталық Азия елдері Шекара қызметтері Бас хатшысы мен қолбасшыларының форумын жалғастыру жөніндегі бастамасына ерекше қолдау білдірді.

ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің баяндамашылары мен делегациялары терроризмнің, ұйымдасқан қылмыстың, қарудың, есірткінің және адамдардың заңсыз айналымының, сондай-ақ шетелдік жауынгерлер қозғалысының алдын алу үшін шекара қауіпсіздігін нығайтудың маңыздылығына назар аударды. Қатысушылар бұл сын-қатерлердің трансұлттық сипатқа ие екенін және оларды жалғыз мемлекет шеше алмайтынын атап өтті.