Вена, 2025 жылғы 21 тамыз – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гаухар Тасбергенованың сапары Қазақстан мен Аустрия арасындағы мәдени және білім беру байланыстарын нығайтуға кезекті үлес қосты.
Венадағы сапар барысында ректор әлемдегі жетекші музыкалық білім беру орталықтарының бірі – Вена музыка және орындаушылық өнер университетімен (Universität für Musik und darstellende Kunst Wien) ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Келісім бірлескен білім беру бағдарламаларын, шеберлік сабақтары мен концерттерді, сондай-ақ студенттер мен оқытушылардың қатысуымен шығармашылық жобаларды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Сонымен қатар, Г. Тасбергенова 1828 жылы құрылған және әлемдегі ең үздік рояль өндірушілерінің бірі болып саналатын әйгілі Bösendorfer зауытында болды.