Қазақстан мен IACA өзара ынтымақтастықтың келешегін талқылады

Қазақстан мен IACA өзара ынтымақтастықтың келешегін  талқылады

Вена, 2025 жылғы 20 мамыр – Қазақстан Республикасының Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Мұхтар Тілеуберді Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академияның (International Anti-Corruption Academy - IACA) ректоры Слагяна Тасевамен кездесті.

Елші Академияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында мамандар даярлаудағы және ашықтық пен есептілікке негізделген халықаралық стандарттарды ілгерілетудегі маңызды рөлін атап өтті.

Тараптар қазіргі ынтымақтастықты және оны одан әрі кеңейту мүмкіндіктерін, соның ішінде қазақстандық мамандардың IACA білім беру бағдарламаларына қатысу мүмкіндіктерін талқылап, тәжірибе алмасу және жаһандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн тәртібі аясында бірлескен бастамаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударды.

Кездесу барысында тараптар серіктестікті нығайтуға және практикалық өзара іс-қимылды дамытуға өзара мүдделілік білдірді.