ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
1992 ж. 19 ақпан – Қазақстан Республикасы мен Аустрия Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнаған күн.
1996 ж. желтоқсанда ҚР-ның Аустриядағы елшілігі ашылды.
2007 ж. қарашада Аустрияның Қазақстандағы елшілігі ашылды.
2023 жылғы 14 тамыздан бастап Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі М. Тілеуберді болып табылады.
2025 жылғы 22 қаңтардан бастап Аустрия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А. Бахер болып табылады.
САЯСИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
Жоғары деңгейдегі байланыстар:
ҚР Тұңғыш Президенті Н. Назарбаев Аустрияға төрт рет барды (ресми сапарлар 1993 ж.ақпанда, 2000 ж. ақпанда, 2004 ж. қыркүйекте және 2012 ж. қазанда).
Аустрияның Федералды Президенті Қазақстанға бір рет барды (Х.Фишердің 2010 жылғы желтоқсандағы ресми сапары).
Федералды канцлерлер Қазақстанға бір рет сапармен келді (Ф.Враницкийдің ресми сапары 26-27 сәуір 1993 ж.).
ПАРЛАМЕНТАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
Аустрияға сапарлар:
2011 жылғы 10 қазан – ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қ. Мәмидің Аустрияға жұмыс сапары.
2019 жылғы 26-29 маусым – Аустрия Парламенті Федералды Кеңесінің Президенті И. Аппенің Қазақстанға ресми сапары.
2019 жылғы 20-21 ақпан – ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н. Нығматулиннің Аустрияға ресми сапары.
2023 жылғы 19 наурызда өткен ҚР Парламенті Мәжілісіне сайлауға Аустрия Парламенті Ұлттық Кеңесінің депутаты, "Аустрия-Орталық Азия" парламенттік тобының жетекшісі Э. Эрнст-Джидзич Аустриядан ЕҚЫҰ ПА бақылаушылар миссиясының құрамына қатысты.
ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Аустриямен ынтымақтастық жөніндегі топтың басшысы Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы А. Сарым болып табылады.
Аустрия Парламентінде 2024 жылғы 29 қыркүйекте Ұлттық Кеңес депутаттарының қайта сайлануына байланысты Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық жөніндегі жаңа топ құрылады деп күтілуде.