Қазақстанның Қасиетті Тақ жанындағы Елшісінің Қасиетті Тақтың Мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен байланыстар жөніндегі хатшысы архиепископ Пол Ричард Галлахермен кездесуі

Қазақстанның Қасиетті Тақ жанындағы Елшісінің  Қасиетті Тақтың Мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен байланыстар жөніндегі хатшысы  архиепископ Пол Ричард Галлахермен кездесуі

2026 жылғы 13 наурызда Қазақстан Республикасының Қасиетті Тақ жанындағы Елшілігінің бастамасымен Қазақстан Республикасының Елшісі Тимур Примбетов Қасиетті Тақтың Мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен байланыстар жөніндегі хатшысы, архиепископ Пол Ричард Галлахермен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасы мен Қасиетті Тақ арасындағы екіжақты қатынастардың қазіргі жай-күйі мен оларды одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі аясындағы белсенді өзара іс-қимылды қоса алғанда, ынтымақтастықтың оң серпіні атап өтілді.

Қазақстан Елшісі Жоғары Мәртебелі сұхбаттасын Мемлекет басшысының бастамасымен елде жүзеге асырылып отырған ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы хабардар етті. Аталған реформалар мемлекеттік басқаруды жаңғыртуға, демократиялық институттарды нығайтуға және «Әділетті Қазақстанды» құру бағытын іске асыруға бағытталған. Сонымен қатар, 2026 жылғы 15 наурызға жоспарланған Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа редакциясын қабылдау жөніндегі жалпыұлттық референдумға ерекше назар аударылды.

Архиепископ Пол Ричард Галлахер Қазақстанда жүргізіліп отырған реформаларға қолдау білдіріп, олардың елдің одан әрі дамуы үшін маңыздылығын атап өтті.

Тараптар сондай-ақ өзекті халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасты.

Кездесу соңында сұхбаттасушылар тұрақты байланыстарды қолдауға дайын екендіктерін растады.