Қазақстанның Қасиетті Тақ жанындағы Елшісінің Апостолдық Архив және Кітапхана басшылығымен кездесуі туралы

Қазақстанның Қасиетті Тақ жанындағы Елшісінің Апостолдық Архив және Кітапхана басшылығымен  кездесуі туралы

2026 жылғы 12 ақпанда Қазақстанның Қасиетті Тақ жанындағы Елшісі Тимур Пірімбетов Ватиканның Бас архивариусы және кітапханашысы Джованни Чезаре Пагацци, Апостолдық Архив префектісі Рокко Ронцани және Апостолдық Кітапхана префектісі Мауро Мантованимен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстанның ғылыми мекемелері мен Апостолдық Архив және Апостолдық Кітапхана арасындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары мен өзара іс-қимыл тетіктері талқыланды.

Ғылыми ынтымақтастықтың оң серпіні атап өтілді. 2025 жылы Қазақстанның ғылыми делегациялары, соның ішінде Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы Еуразиялық ғылыми-зерттеу институтының зерттеушілері Ватиканға төрт рет сапар жасап, Қасиетті Тақтың түркі әлемінің ерте және ортағасырлық тарихы мен мәдениетіне қатысты бірегей тарихи құжаттарымен танысты.

Кездесу қорытындысы бойынша Елшіге ватикан тарапы қол қойған Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтымен өзара түсіністік туралы Меморандум табысталды.