
2026 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Қасиетті Тақ жанындағы Елшісі Т.Пірімбетов Қасиетті Тақтың Мәдениет және білім беру істері жөніндегі Дикастериясының мәдениет мәселелері бойынша Хатшысы монсеньор Пол Тиглемен кездесті.
Әңгіме барысында тараптар Қазақстан Республикасы мен Қасиетті Тақ арасындағы рухани-мәдени ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Гуманитарлық байланыстарды дамытуға, мәдени және білім беру салаларындағы байланыстарды кеңейтуге, рухани мұраны сақтау жөніндегі бірлескен бастамаларды қолдауға, сондай-ақ дінаралық және мәдениетаралық диалогты нығайтуға ерекше назар аударылды.
Кездесудің жеке тақырыбы ретінде өзара түсіністікті дінаралық және конфессияаралық диалог арқылы нығайтуға ықпал ететін халықаралық диалог алаңы ретіндегі Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі күн тәртібін ілгерілету мәселесі қарастырылды.
Монсеньор П.Тигле қоғамдар арасындағы сенімді қалыптастыруда мәдени өлшемнің маңыздылығын растап, диалог пен ынтымақтастықты нығайтатын алаңдарға сұраныстың жоғары екенін атап өтті және Дикастерия желісі бойынша ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша өзара іс-қимылдың нақты форматтарын айқындау мақсатында жұмыс байланыстарын жалғастыруға уағдаласты.