Қазақстан мен Қасиетті Тақтың конфессияаралық диалогты ілгерілету жөніндегі ынтымақтастығы

Қазақстан мен Қасиетті Тақтың конфессияаралық диалогты ілгерілету жөніндегі ынтымақтастығы

2026 жылғы 16 қаңтарда Елшіліктің бастамасымен Қазақстан Республикасының Қасиетті Тақ жанындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тимур Пірімбетовтің Қасиетті Тақтың Дінаралық диалог жөніндегі Дикастериясының Префектісі кардинал Джордж Джейкоб Кувакадпен кездесуі өтті.

Достық әрі сенімді сұхбат барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті тақырыптарын, сондай-ақ халықаралық алаңдардағы өзара іс-қимылды талқылады.

Бұл тұрғыда дінаралық және конфессияаралық диалогты ілгерілету бағытындағы бірлескен күш-жігерді үйлестіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Осы орайда Т.Пірімбетов сұхбаттасушыны 2026 жылға жоспарланған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі шеңберіндегі іс-шаралар туралы хабардар етті.

Тараптар ағымдағы жылы Қазақстан астанасында екінші қазақстан-ватикандық Коллоквиумды өткізуге жоғары қызығушылық танытып, ұйымдастырушылық мәселелерді жақын арада пысықтауға келісті.

Кездесу соңында тараптар екіжақты өзара әрекеттестіктің барлық бағыттары бойынша тұрақты байланыстар мен пікір алмасуды жалғастыруға уағдаласты.