Бейжіңде Қазақстанның Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Бейжіңде Қазақстанның Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Бейжің, 2022 жылғы 9 маусым - Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы (ШҰАА) Халық үкіметінің Сыртқы істер жөніндегі кеңсесінің Басшысы Яо Цзинмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанның ШҰАА-мен түрлі салалардағы өзара іс-қимылының бірқатар өзекті мәселелерін талқылады, сондай-ақ оны одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмасты.

Қазақстандық дипломат тұрақты жолаушылар әуе қатынасын қалпына келтіру және Үрімші қаласына келетін ҚР азаматтары үшін қолайлы карантин жағдайларын жасау мәселелеріне ерекше назар аударды.

Сонымен қатар, Қазақстан Елшісі ҚХР бағытындағы өткізу бекеттерінде автокөлік құралдарының тұрып қалуы мәселесін тез арада шешу қажеттігін, қазақстандық компаниялардың тауарлар мен көлік құралдарын санитарлық өңдеуден өткізуді қытай тарапының мойындауының және жалпы тауар айналымын арттыру үшін бекеттердің өткізу қабілетін кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Қазақстандық азық-түлік тауарларының автокөлік өткізу бекеттері арқылы жедел өтуі мақсатында «жасыл дәліздерді» ашуға ерекше назар аударылды.

Одан бөлек, тараптар 2022 ж. 25-30 тамыз аралығында Үрімші қ. өтетін «Қытай-Еуразия» 7-ші ЭКСПО жұмысына Қазақстанның іскер топтарының қатысу жоспарларын талқылап, Үрімші қ. ҚР СІМ Паспорт-визалық қызметінің жұмысы бойынша пікір алмасты.

Кездесудің соңында тараптар өзара қызығушылық тудыратын ағымдағы және өзекті мәселелер бойынша тұрақты байланыстарды сақтауға келісті.