Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті

Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті

Бейжің, 2022 жылғы 12 мамыр – Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы жаңадан тағайындалған Елшісі Шахрат Нұрышев ҚХР СІМ Протокол департаментінің директоры Хун Лэйге сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті.

Протоколдық рәсім аясында өткен кездесуде түрлі салалардағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары талқыланды. Сондай-ақ, тараптар ағымдағы жылы жоғарғы және жоғары деңгейлердегі екіжақты байланыстарды ұйымдастыру бойынша пікір алмасты.

Кездесудің қорытындысы бойынша сұхбаттасушылар екіжақты ықпалдасудың өзекті мәселелерін талқылау және ақпарат алмасу мақсатында Қазақстанның Елшілігі мен ҚХР СІМ Протокол департаменті арасында тұрақты байланыстарды сақтауға уағдаласты.