Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев ҚХР Сыртқы істер министрінің орынбасарымен кездесті

Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев ҚХР Сыртқы істер министрінің орынбасарымен кездесті

Бейжің, 2022 жылғы 19 мамыр – Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшісі Шахрат Нұрышев ҚХР Сыртқы істер министрінің орынбасары Лэ Юйчэнмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы мәселелері бойынша «сағаттарды салыстырды», сондай-ақ оны одан әрі дамыту перспективалары туралы терең пікір алмасты.

Қазақстанның Елшісі сұхбаттасушыны елімізде болып жатқан саяси және экономикалық өзгерістер туралы, сондай-ақ ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша алдағы референдумға дайындық барысы туралы ақпараттандырды.

Қазақстандық дипломат сауда-экономикалық байланыстарды арттыру, Қазақстан-Қытай шекарасының өткізу бекеттерінде өзара іс-қимылды және тығыз ықпалдасуды нығайту, жолаушылар әуе қатынастарын қалпына келтіру және қазақстандықтар үшін ҚХР визалық режимін жеңілдету мәселелері бойынша бірлескен күш-жігерге ерекше назар аударды.

Өз кезегінде, Лэ Юйчэн Ш.Нұрышевты Қытайдағы қазақстандық дипломатиялық миссияның басшысы лауазымына тағайындалуымен құттықтап, ҚХР СІМ тарапынан жаңадан тағайындалған Елшімен тығыз ынтымақтастыққа дайындығын білдірді.

Сонымен қатар, Қытай СІМ басшысының орынбасары Президент Қ.Тоқаев белгілеген ҚР-дағы саяси және экономикалық өзгерістер бағытқа жоғары баға беріп, Қытай Қазақстан басшылығы қабылдап жатқан шараларды толық қолдайтынын атап өтті.

Одан бөлек, дипломаттар ағымдағы жылы жоғары және жоғарғы  деңгейлердегі екіжақты сапарлар мен іс-шараларды ұйымдастыру жоспарларын талқылады.

Кездесудің соңында сұхбатасушылар екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы және өзекті мәселелері бойынша тұрақты байланыстарды сақтауға келісті.