Үрімшіде Қазақстан азаматтарының құқықтарын қорғау және шекара маңындағы консулдық саладағы өзара іс қимылды дамыту мәселелері талқыланды

Үрімшіде Қазақстан азаматтарының құқықтарын қорғау және шекара маңындағы консулдық саладағы өзара іс қимылды дамыту мәселелері талқыланды

Үрімші қ., 2025 жылғы 6 қараша - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Үрімші қ. Паспорттық-визалық қызметінің Кеңесшісі-Басшысы Д. Айменов Қытай Халық Республикасы Шыңжаң — Ұйғыр автономиялық ауданы Шәуешек аймағы Сыртқы істер кеңсесінің Басшысымен кездесу өткізді.

Келіссөздер барысында тараптар шекара маңындағы аудандарда тұратын және болатын Қазақстан Республикасы азаматтарының заңды құқықтары мен мүдделерін қорғаудың өзекті мәселелерін, сондай-ақ екіжақты консулдық-құқықтық ынтымақтастықты дамыту жолдарын талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша сындарлы өзара іс-қимылды жалғастыру және ынтымақтастықтың белгіленген бағыттарын бірлесіп пысықтау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.