Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Үрімші қаласындағы Паспорттық-визалық қызметі “SF Express”компаниясымен бірлесіп, құжаттарды жедел жеткізу қызметін іске қосты

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Үрімші қаласындағы Паспорттық-визалық қызметі “SF Express”компаниясымен бірлесіп, құжаттарды жедел жеткізу қызметін іске қосты
Үрімші қ., 2025 ж. 13 қазан – ҚР Сыртқы істер министрлігінің Үрімші қ. Паспорттық-визалық қызметі “SF Express” халықаралық логистикалық компаниясымен бірлесіп, өтініш берушілердің дайын құжаттарын пошта арқылы жеткізу қызметінің жедел түрін іске қосты. Аталған қызмет Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы бойынша жөнелтілетін құжаттардың жеткізілімін мерзімін 84 сағаттан 36 сағатқа дейін қысқартатын болады.
Қызметтің бұл түрі өтініш берушілерге құжаттарды айтарлықтай жылдам алуға және консулдық қызметтердің жалпы ыңғайлылығы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Анықтама: “SF Express” Қытайдағы ең ірі және ең технологиялық дамыған логистикалық компаниялардың бірі. 1993 ж. негізі қаланған “SF Express” компаниясы бүкіл Қытайға және дүние жүзіндегі 200-ден астам елге жеткізетін 80-нен астам жүк ұшағынан тұратын флотты басқарады. Ол дрондарды, роботтық жүйелерді және жасанды интеллект технологияларын белсенді түрде енгізген Қытайдағы ең ірі 500 компанияның қатарына кіреді.