Қазақстан азаматының шұғыл медициналық эвакуациясы

Қазақстан азаматының шұғыл медициналық эвакуациясы

Құлжа қ., 2025 ж. 22 тамыз – Қытай Халық Республиксының аумағында  ауыр жағдайда ем алып жатқан Қазақстан Республикасы азаматының заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында ҚР Сыртқы істер министрлігінің Үрімші қ. Паспорттық-визалық қызметі ҚХР ШҰАА Іле қазақ автономиялық облысының Құлжа қ. Үкіметінің қолдауымен, сондай-ақ Алматы облысы мен Алматы қ. жергілікті атқарушы органдарының жәрдемімен азаматты Құлжа қаласынан Алматы қаласына Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Қорғас» өткізу бекеті арқылы шұғыл жеткізуді ұйымдастырды.

Аталған медициналық эвакуация Қазақстан мен Қытайдың құзырлы органдарының азаматтардың құқықтарын қорғау және төтенше жағдайларда дер кезінде көмек көрсету жолындағы тиімді ынтымақтастығының жарқын үлгісі болып табылады.