ЮНЕСКО Хатшылығына адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне енген тоғызқұмалақ ойынының тақтасы табысталды

ЮНЕСКО Хатшылығына адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне енген тоғызқұмалақ ойынының тақтасы табысталды

Париж, 2025 жылғы 27 наурыз – Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы Тұрақты өкілдігінің қолдауымен осы халықаралық ұйымның Париждегі бас пәтерінде Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменов пен Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Конвенция хатшылығының басшысы Фумико Охинатаның кездесуі өтті.

Федерация президенті 2020 жылы Қазақстан, Қырғызстан және Түркияның бастамасымен «Тоғызқұмалақ / тогуз коргоол / мангала / гөчүрме дәстүрлі зияткерлік және стратегиялық ойыны» номинациясының Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне енгізілуіне қолдау көрсеткені үшін ЮНЕСКО Хатшылығына алғысын білдірді.

Көне ойынның тарихы мен қазіргі таңдағы маңызы туралы айта келе, ол тоғызқұмалақ халқымыздың мәдени мұрасының маңызды бөлігі екенін, оның даналығы мен рухани құндылықтарын айшықтайтынын атап өтті.

Кездесу барысында Ә. Байменов Хатшылыққа тоғызқұмалақ тақтасыр сыйға тартып, сондай-ақ Дүниежүзілік көшпенділер ойындары кезінде стратосфераға жіберілген тұздықты табыс етті.

Федерация президенті ЮНЕСКО қызметкерлерін ойын ережелерімен таныстырып, олармен бірге бір партия ойнады, бұл жанды мұра халықтар мен мәдениеттер арасындағы байланысты нығайтуға жағымды ықпал ететінің бір айғағы болды.