Қазақстандық делегаттар ЭЫДҰ жұмыс органдарына қатысты

Қазақстандық делегаттар ЭЫДҰ жұмыс органдарына қатысты

Париж, 2025 ж. 20 наурыз – 2025 ж. 17–20 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің (ҰЭМ) және оның Экономикалық зерттеулер институты («ИЭИ» АҚ) өкілдері тиісті байқау саясаты саласындағы ынтымақтастық үшін инклюзивті платформаның, бизнесті жауапты жүргізу және мемлекеттік меншік пен жекешелендіру практикасы мәселелері жөніндегі жұмыс топтары отырыстарына қатысты.

Атап айтқанда, бизнесті жауапты жүргізу жөніндегі іс-шара шеңберінде «ИЭИ» АҚ-ның Әлемдік экономиканы зерттеу орталығының директоры Әлібек Райпов ЭЫДҰ-ның Қазақстанның Ұлттық байланыс орталығының (ҰБО) жұмысын сараптамалық бағалау ұсынымдарының орындалу барысы туралы аралық есепті ұсынды, сондай-ақ отырысқа қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Тұтастай алғанда, қазақстандық ҰБО жұмысы айтарлықтай оң бағаланды, сонымен бірге бизнесті жауапты жүргізу мәселелері бойынша көпұлтты кәсіпорындар үшін ЭЫДҰ-ның басшылық қағидаттарына сәйкес оның қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыру ұсынылды.

Сондай-ақ, ҰЭМ өкілдері мемлекеттік меншіктің тәуекелдері мен мүмкіндіктерін басқару, меншік саясаты саласындағы үздік тәжірибелер, мемлекеттік кәсіпорындардың саяси мақсаттары және оларды корпоративтік басқарудың өзекті мәселелерін талқылауға қатысты.

Жалпы, іс-шаралар қазақстандық сарапшыларға ЭЫДҰ-ға мүше мемлекеттер мен әріптес елдердің өкілдерімен кәсіби пікірталастарға қатысудың құнды тәжірибесін алуға және бизнесті жауапты жүргізу, қазақстандық ҰБО-ның тиісті жұмысын қамтамасыз ету, мемлекеттік меншікті басқару және бәсекелестік ортаны жақсарту жөніндегі шараларды дамыту жөнінде пікір алмасуға мүмкіндік берді.