ЭЫДҰ гендерлік теңдік форумында Қазақстанда тұрмыстық зорлық зомбылыққа қарсы күрес бойынша шаралар туралы баяндалды

ЭЫДҰ гендерлік теңдік форумында Қазақстанда тұрмыстық зорлық зомбылыққа қарсы күрес бойынша шаралар туралы баяндалды

Париж, 2024 жылғы 11 маусым – Қазақстанның Париждегі халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігі «Жаһандық өзгерістерді басқару» тақырыбы бойынша гендерлік теңдік жөніндегі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) бірінші форумына қатысты.

Іс-шараның күн тәртібіне ЭЫДҰ-ға мүше және әріптес мемлекеттерде, әсіресе «жасыл» энергетика мен цифрлық технологияларға көшу жағдайында гендерлік теңдікті ілгерілету мәселелері, теңсіздіктің экономикалық және әлеуметтік факторлары және оларды еңсеру тәсілдері, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін қорғау және кеңейту саласындағы жинақталған тәжірибе мен озық тәжірибелер кірді.

Форумға ЭЫДҰ Бас хатшысы Матиас Корманн, БҰҰ Бас хатшысының бірінші орынбасары Әмина Мұхаммед, Чилидің бұрынғы президенті Мишель Бачелет, сондай-ақ әлемнен 30-дан астам елінен келген министрлер, мемлекеттік кеңесшілер, ірі халықаралық компаниялар мен үкіметтік емес ұйымдардың гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі өкілдері қатысты.

М. Корманн форумның ашылуында «гендерлік теңдік үшін негізгі қауіптердің бірі тұрмыстық зорлық-зомбылық, сондай-ақ кемсітушілік құқықтық негіздер мен әлеуметтік нормалары болып табылады...» деп атап өтті. Ол мемлекеттерді гендерлік теңдікті қамтамасыз ететін күшті, тұрақты, инклюзивті қоғамдарды қалыптастыруға елеулі үлес қоса алатын осы саладағы ЭЫДҰ-ның саяси ұсыныстарына назар аударуға шақырды.

Гендерлік теңдікке шектеулер қоятын қоғамдық нормалар мәселелеріне арналған арнайы сессияда сөз сөйлеген Тұрақты өкіл Асқар Абдрахманов «Қазақстандағы мемлекет пен азаматтық қоғам еңбек, экономикалық және отбасылық қатынастардың барлық салаларында гендерлік теңдікті қамтамасыз ету үшін заңнамалық негіздер мен әлеуметтік жағдайларды жақсарту мәселелері бойынша бірлесе жұмыс істеуде» деп атап өтті. Жақында қабылданған тұрмыстық зорлық-зомбылықты криминализациялау жөніндегі ұлттық заңнамаға және әйелдер мен ерлер үшін тең құқықтар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған басқа да шараларға жеке баса назар аударылды.

Форумды қорытындысымен ЭЫДҰ-ға мүше және онымен серіктес мемлекеттер алдағы уақытты тиісті күш-жігерлерін жұмыстың келесі бағыттарына шоғырландыруды ұсынылды: кемсітушілікті жою және гендерлік теңдікті ілгерілету үшін құқықтық негізді жақсарту; еңбек, білім беру, кәсіптік даярлық саласындағы теңдікті қамтамасыз ету; гендерлік аспектілерді климат, энергетика, цифрлық технологиялар саласындағы саясатты қалыптастыруда ескеру; гендерлік саладағы инвестицияларды ұлғайту; гендерлік мәселелерді ескеретін деректер мен саясат құралдары; әйелдер мен ерлерге қатысты кемсітушілік сипаттағы қоғамдық ұстанымдарды өзгерту.

Гендерлік теңдіктің алғашқы форумының қорытындысы бойынша ЭЫДҰ осы тақырып бойынша негізгі мәселелер туралы тиісті саяси ұсыныстармен құжат жариялады.