Қазақстан ЭЫДҰ-ның Жасыл іс-қимылдар жөніндегі арнайы жұмыс тобының отырысына қатысты

Қазақстан ЭЫДҰ-ның Жасыл іс-қимылдар жөніндегі арнайы жұмыс тобының отырысына қатысты

Париж, 2026 жылғы 17 маусымы – Қазақстан Республикасының делегациясы Париж қаласында өткен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Жасыл іс-қимылдар жөніндегі арнайы жұмыс тобының (Green Action Task Force, GATF) отырыстарына белсенді қатысты. Делегация құрамына ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат департаментінің директоры Сәуле Сабиева, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаментінің директоры Ержан Несібкұлов, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының өкілдері мен ҚР Париждегі халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігінің дипломаттары кірді. GATF Орталық Азия, Кавказ және Шығыс Еуропа елдерінде «жасыл» саясатты ілгерілетуге арналған алаң болып табылады.

Отырыстар барысында Қазақстан өкілдері 2026 ж. 22 24 сәуірде Астана қаласында өткен Өңірлік экологиялық саммиттің нәтижелері туралы ақпарат ұсынып, сондай-ақ саммитті өткізуге қосқан мазмұнды үлесі үшін ЭЫДҰ-ға тағы да алғыс білдірді.

С. Сабиева Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдеріндегі жасыл экономиканы жоспарлау мәселелеріне арналған дөңгелек үстелде сөз сөйледі. Өз баяндамасында ол қатысушыларды Қазақстандағы Жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасын және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын іске асырудың қазіргі жағдайы мен басымдықтары туралы хабардар етті.

Орталық Азияда орнықты инфрақұрылымды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру жөніндегі мәселені талқылау шеңберінде Е. Несібқұлов Қазақстанда Sustainable Infrastructure Programme in Asia (SIPA) бағдарламасын іске асыру, атап айтқанда, оның командасының қолдауымен Қазақстанның 2060 жылға дейінгі Төмен көміртекті Даму стратегиясы жобасын әзірлеу, әсіресе «жасыл» жобаларға инвестицияларды қоса алғанда елдің инвестициялар жөніндегі саясатты жетілдіру жөніндегі шараларды әзірлеудегі тәжірибесімен бөлісіп, Қазақстанда SIPA бағдарламасын іске асыруды жалғастыруға қызығушылық білдірді.

Талқылаулар барысында Ұлттық іс-қимыл жоспарындағы басым бағыттардың бірі ретінде айқындалған су секторына ерекше назар аударылды. Қазақстан тарапы тиісті шараларды әзірлеу және іске асыру мәселелері бойынша тәжірибе алмасуға, сондай-ақ су секторын орнықты дамудың негізгі басымдықтарының бірі ретінде таңдаудың халықаралық тәжірибені зерделеуге қызығушылығын атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев 2027–2028 жылдарға арналған GATF Бюросы төрағасының орынбасары болып сайланды.

Іс-шара аясында Қазақстан делегациясы ЭЫДҰ Даму орталығының және Еуразиядағы бәсекеге қабілеттілік бағдарламасының басшылығымен қоса алғанда бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Олардың барысында одан әрі ынтымақтастықтың перспективалары, бірлескен жобаларды іске асыру және өзара іс-қимылдың басым бағыттары талқыланды.