Қазақстанның Тұрақты өкілдігі «Шыңғыс Айтматов және ЮНЕСКО» конференциясына қатысты

Қазақстанның Тұрақты өкілдігі «Шыңғыс Айтматов және ЮНЕСКО» конференциясына қатысты

Париж, 19 қыркүйек, 2025 жыл – ЮНЕСКО-ның Париждегі бас пәтерінде «Шыңғыс Айтматов және ЮНЕСКО: әлемді біріктіретін ортақ мұра» атты халықаралық конференция өтті.

Қазақстан Республикасының атынан іс-шараға қатысушыларға Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі Асқар Абдрахманов құттықтау сөз сөйледі.

Өз сөзінде отандық дипломат әлемнің 172 тіліне аударылғаны арқылы ұлы жазушының аса өміршең образдары мен идеялары төрткүл дүниедегі миллиондаған оқырмандарына барынша жақын екенін айтты. Ш. Айтматов қырғыз халқының перзенті және мақтанышы бола отырып, оның шығармашылық мұрасы бүкіл әлемнің, әсіресе оның ең жақын көршілері – қазақтардың, басқа түркі және Орта Азия халықтарының рухани мұрасының ажырамас бөлігіне айналғаны сөзсіз.

Елші Ш. Айтматов және оның бірқатар шығармаларының қазақ халқымен және оның көптеген көрнекті қаламгерлерімен етене рухани жақындығын ерекше атап өтті. Осыған орай ол қатысушылардың назарын жақында Бішкекте Қазақстан мен Қырғызстан Президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаровтың екі заңғар жазушы Мұхтар Әуезов пен Ш.Айтматовқа арналған ортақ ескерткішті ашқанына назар аударды. Көпшілікке мәлім, қазақтың ұлы жазушысы жас қырғыз әріптесін алғашқылардың бірі болып көпшілік алдында белсенді қолдаған, сондай-ақ Луи Арагонмен қарым-қатынасы арқылы «Жәмила» повестінің Франциядағы алғашқы жарық көруіне ықпал етуі мүмкін.

Қырғызстанның Тұрақты өкілдігі ЮНЕСКО, ТҮРКСОЙ және Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының қолдауымен ұйымдастырған конференцияда Қырғызстан, Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Түркіменстан, Франция және басқа елдердің дипломаттары, ғалымдары мен қоғам қайраткерлері Ш.Айтматов прозасының бірегей ерекшеліктері мен оның гуманистік идеяларының оқырмандардың жаңа буыны үшін маңызы жайында өз пікірлерін ортаға салды.

Конференцияға қатысушылар 2028 жылы ұлы қырғыз жазушысының 100-жылдық мерейтойын, соның ішінде ЮНЕСКО мен түркі әлемі ұйымдарының белсенді қатысуымен, алдағы жоғары халықаралық деңгейде атап өтуге алдын ала және сапалы бірлескен дайындықтың қажеттілігіне ортақ қолдау білдірді.