Парижде Қазақстанның Халықаралық заңнамалық метрология ұйымымен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Парижде Қазақстанның Халықаралық заңнамалық метрология ұйымымен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Париж, 2025 жылғы 23 шілде – Қазақстанның Париждегі халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Асқар Абдрахманов Халықаралық заңнамалық метрология ұйымы (ХЗМҰ) Бюросының директоры Энтони Доннеланмен кездесті.

Бүгінде 131 мүше мен бақылаушы мемлекетті біріктіретін үкіметаралық ұйымның басшысы Қазақстан Республикасына метрологтардың жаһандық қауымдастығындағы белсенді рөлі мен Дүниежүзілік метрология күніне ЮНЕСКО жүйесінде жоғары мәртебе беруін қоса алғанда халықаралық деңгейде көрсетіп жүрген ұдайы қолдауы үшін алғыс білдірді.

Отандық дипломат өз кезегінде ұлттық экономиканың дамуы үшін ерекше маңызды бұл салада түрлі елдердің мамандары арасындағы нақты ынтымақтастықты жалғастыруға Қазақстанның бейілділіген қайта қуаттады.

Осыған байланысты тараптар 2025 ж. қазанда Парижде өтетін Ұйымның жоғарғы басқарушы органы болып табылатын ХЗМҰ Конференциясының 17-сессиясына Қазақстанның мазмұнды қатысуына дайындық мәселелері бойынша пікір алмасты.

Анықтама: Халықаралық заңнамалық метрология ұйымы (ХЗМҰ) 1955 жылы осы Ұйымды құру туралы Конвенцияға сәйкес құрылған. Қазіргі уақытта ұйым құрамына 65 мүше мемлекет (оның ішінде Қазақстан Республикасы) және 66 бақылаушы мемлекет кіреді. Ұйымның негізгі мақсаты – елдер қолданатын заңнамалық метрология рәсімдерін үйлестіру. ХЗМҰ ұлттық және өңірлік талаптарды әзірлеу бойынша метрологиялық ұсынымдар береді. Бұл талаптар өлшеу құралдарын заңнамалық метрология қолданатын нақты салаларда, соның ішінде, сауда, денсаулық сақтау, экология, кедендік бақылау, пошта қызметі, өндіріс пен көлік қауіпсіздігі және басқа да салаларда – тиімді қолдану мәселелерін қамтиды.