Қазақстан ЮНЕСКО-ның 2025 жылғы Халықарарлық шәй күнәне арналған іс-шарасына белсенді қатысты

Қазақстан ЮНЕСКО-ның 2025 жылғы Халықарарлық шәй күнәне арналған іс-шарасына белсенді қатысты

2025 жылғы 20 маусымда Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілдігі ұйымның Париждегі бас пәтерінде өткен Халықаралық шай күніне арналған салтанатты кешке қатысты.

Іс-шараны 2019 жылы БҰҰ жариялаған және әлем жыл сайын 21 мамырда атап өтетін Халықаралық шай күніне арнап “ЮНЕСКО қауымдастығы бірлестігі” мен “Француз-қытай мәдени және көркем алмасу орталығы” төртінші рет бірлесе өткізіп, оны ұйымдастыруға шәй мәдениетін ерекше дәріптейтін елдердің 17-сінің мазмұнды үлес қосты.

Биыл Қазақстанның стендін Франциядағы отандастарысымыздың басын біріктіретін белсенді топтардың бірі болып табылатын «ALEM» қауымдастығы ұйымдастырды. Кеш қонақтарының назарына “Қазақстандық дипломаттар әйелдерінің бірлестігі” (@kazdiplomat_ladies) әзірлеген ұлтымыздың шай дәстүрлері туралы әдемі де мәнді бейнефильм, Тұрақты өкілдік дайындаған тақырыптық брошюра мен дәстүрлеріміз туралы басқа да ақпараттық материалдар таратылды.

Қатысушылар алдында айтқан сөзінде Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі, Елші Асқар Абдрахманов қазақ халқының шай ішу дәстүрінің отбасы мен басқа да ортадағы жақындасу үшін бөлек мәнін қысқа да нұсқа сипаттау мақсатында көпшілікке танымал отандық суретші Бақыт Шүкетаевтың (@bahaart.kz) “Ұрпақ” атты авторлық картинасының көшірмесін таныстырып, оны шынайы алғысының нышаны ретінде ұйымдастырушаларға сыйға тартты.

Іс-шара «Бірге шай ішіп, бейбітшілік орнатайық» тақырыбымен өтіп, достық жағдайда қатысушы елдердің ЮНЕСКО алаңы арқылы мәдениетаралық диалогты нығайтуға, өзара түсіністікті арттыруға және жанды мәдени мұраны сақтауға қосқан маңызды үлесі болды.