Париж, 2025 ж. 29 мамыр – Қазақстан Республикасының делегациясы Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының (ДЖДҰ) 92-сессиясына қатысты.
Ұйымға мүше 183 мемлекеттің қатысушылары жануарларды вакциналау процесін жетілдіру, жабайы жануарларды қорғау жөніндегі шаралар, микробқа қарсы препараттардың тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Отырыс аясында жануарлар ауруларымен күрес стратегияларын дамытуға арналған жануарлардың денсаулығын сақтау бойынша Инновациялық форум өтті.
Іс-шарада қазақстандық делегацияны Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин басқарды.
А. Бердалин ДЖДҰ-ның Бас директоры Эммануэль Субейранмен кездесуде Қазақстан ДЖДҰ-ның жаңа стратегиялық жоспарының басымдықтарын терең бөлісетінін, ұйымның стандарттары мен ұсынымдарына берік екенін атап өтті. Сондай-ақ, ДЖДҰ жануарлар өнімі тауарлардың қауіпсіз саудасын, тұрақты мал шаруашылығын қамтамасыз ету және трансшекаралық қатерлерге жол бермеу үшін шешуші рөл атқаратыны атап өтілді.
Э. Субейран қазақ тарапына ДЖДҰ-нің жұмысына белсенді қатысқаны үшін алғысын білдіріп, тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендігін растады.
Сондай-ақ, Қазақстанның Париждегі халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігінің қолдауымен А. Бердалин ДЖДҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, оның ішінде ЕО, Түркия, Жапония, АҚШ және басқаларымен.
ДЖДҰ қызметі жануарлар аурулары туралы сапалы ақпарат жинауға және таратуға және адамдар мен жануарлар әлемі үшін сау және қауіпсіз ортаны қорғау үшін пәрменді шаралар қабылдауға бағытталған үкіметаралық ұйым болып табылады.