"Ата жол" картасын беру тәртібі туралы

"Ата жол" картасын беру тәртібі туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы
№ 280 бұйрығымен шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін «Ата жолы» картасын ұсыну тәртібі бекітілгенін хабарлаймыз.
 
«Ата жолы» картасы – халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен бизнес көшіп келушілерге, не этникалық қазақтар қатарынан талап етілген кәсіптері бар адамдарға он жылға дейінгі мерзімге, бірақ азаматтығы бар ел паспортының қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге берілетін, белгіленген нысандағы құжат.