Елшінің Теңізге шығу жолы жоқ дамушы елдерге арналған халықаралық талдамалық орталығының директорымен кездесуі туралы

Елшінің Теңізге шығу жолы жоқ дамушы елдерге арналған халықаралық талдамалық орталығының  директорымен кездесуі туралы

Ұлан-Батыр, 2022 жылғы 9 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ғабит Қойшыбаев Теңізге шығу жолы жоқ дамушы елдерге арналған халықаралық талдамалық орталықтың директоры Дамдин-Од Дулгунмен кездесті.

Кездесу басында Д.Дулгун қазақстандық тарапқа Халықаралық талдау орталығының қызметіне көрсетіп келген үздіксіз қолдауына алғысын білдіріп, оның құрылу тарихын қысқаша баяндап берді. Сондай-ақ ол қазақстандық дипломатты Халықаралық талдау орталығының қызметімен және ағымдағы жобаларымен таныстырды.

Бұдан бөлек, сұхбаттасушылар Халықаралық талдау орталығы мен қазақстандық сарапшылық құрылымдар арасындағы ынтымақтастық бағыттарын талқылады, өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар, аталған мекеменің Қазақстанның орталық мемлекеттік органдарымен өзара әрекеттесу сұрақтарын талқылады.

Кездесу соңында теңізге шығу жолы жоқ елдердің ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында болашақта өзара әрекеттесудің бағыттарын анықтау, сондай-ақ бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Теңізге шығу жолы жоқ дамушы елдерге арналған халықаралық талдамалық орталық (ITTLLDC) БҰҰ Бас Ассамблеясының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы 64/214 резолюциясына сәйкес Моңғолияның бастамасымен құрылды. Ұлан-Батыр қаласында орналасқан. Мүше мемлекеттер: Ауғанстан, Армения, Әзірбайжан, Бутан, Буркина Фасо, Эфиопия, Қазақстан, Қырғызстан, Лаос Халық Демократиялық Республикасы, Моңғолия, Непал, Нигерия, Парагвай және Тәжікстан.