Елші Ғабит Қойшыбаев Моңғолия Мемлекеттік Ұлы Хуралының депутаты Әубәкір Тілеуханұлымен кездесті

Елші Ғабит Қойшыбаев Моңғолия Мемлекеттік Ұлы Хуралының депутаты Әубәкір Тілеуханұлымен кездесті

2022 жылғы 14 қараша, Ұлан-Батыр – Қазақстан Республикасының Елшісі Ғабит Қойшыбаев Моңғолия Мемлекеттік Ұлы Хуралының депутаты Әубәкір Тілеуханұлымен кездесіп, Моңғолияның мал шаруашылығы өнімдерін Қазақстан нарығына шығару мәселелері бойынша пікір алмасты.

Ғ.Қойшыбаев Моңғолия Парламенті депутатын Еуразиялық экономикалық одақ аумағына шетелдік ет пен ет өнімдерін кіргізу үшін қойылатын негізгі талаптармен таныстырып, бұл салада екі тарап арасында жүргізіліп жатқан жұмыс барысын қысқаша баяндап берді.

Өз тарапынан, Әубәкір Тілеуханұлы қазақстандық дипломатты Моңғолияның мал шаруашылығы саласының қазіргі ахуалы мен экспорттық әлеуетімен таныстырды. Моңғол тарапының Қазақстанға ұсақ мал етін және жылқы етін сатуға қызығушылығын жеткізді.

Қазақстан мен Моңғолия арасында мал шаруашылығы өнімдері саудасын дамытуды екіжақты экономикалық қарым-қатынастар күнтізбесіндегі өзекті мәселелердің бірі екендігін атап өтіп, тараптар бұл саладағы екі елдің ынтымақтастығының өзекті сұрақтарын талқылады. Сондай-ақ, кездесу барысында олар Қазақстанның Моңғолиядағы Елшілігі мен Мемлекеттік Ұлы Хуралының Қоршаған орта, азық-түлік және ауылшаруашылық жөніндегі тұрақты комитетінде жаңадан құрылған «Мал мен мал еті экспортын ұлғайту жөніндегі арнайы жұмыс тобы» арасында тұрақты байланыс орнатып, бірлесіп жұмыс атқаруға  уағдаласты.