Елші «Моңғолия-Қазақстан парламентаралық достық тобының» Төрағасы – Ұлы Хурал депутаты Х.Бәделханмен кездесті.

Елші «Моңғолия-Қазақстан парламентаралық достық тобының» Төрағасы – Ұлы Хурал депутаты Х.Бәделханмен кездесті.

2021 жылғы 29 маусымда Елші Жалғас Әділбаев «Моңғолия-Қазақстан парламентаралық достық тобының» Төрағасы – Ұлы Хурал депутаты Х.Бәделханмен кездесті.

Аталған кездесу барысында қазақстандық дипломат Моңғолияда және Қазақстанда Covid-19 пандемиясына қарсы екпе жұмыстары жоғары деңгейде жүріп жатырғанына тоқталып, Қазақстан Республикасының Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының мамандары жасаған «QazVac» коронавирусына қарсы отандық вакцина туралы мағлұмат беріп, Қазақстан тарапының осы бағыттағы ұсыныстарына тоқталып өтті.

Бұған қоса, Ж.Әділбаев биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы тойланатанын, осы жылдар кезеңіндегі еліміздің қол жеткізген жетістіктеріне жеке тоқталды және қазіргі кезеңде елімізде демократиялық пен азаматтық қоғамды одан әрі жетілдіру бағытындағы саяси реформалар туралы баяндады.

Қазақстанның Елшісі «Моңғолия-Қазақстан парламентаралық достық тобының» Төрағасын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының аясында одан әрі демократияландыруға және азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылға бағытталған Қазақстандағы сайлау мәселелеріне қатысты заңдарға қол қойылғанымен және осы заңның маңызды өзгерістерімен таныстырып өтті.

Елші Ұлы Хурал депутатын 2021 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті қол қойған «Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы» Жарлықтың негізгі бағыттарымен таныстырып, COVID-19 пандемиясына қарамастан 2020 жылы Қазақстанда адам құқықтары мен оны қорғау мақсатында саяси реформалар іске асырылғанын, бейбіт жиналыстар туралы тұжырымдамалық жаңа заңның қабылданғаны туралы баяндады.

 «Моңғолия-Қазақстан парламентаралық достық тобының» Төрағасы - Ұлы Хурал депутаты Х.Бәделхан COVID-19 күрес аясында оған өңірлік деңгейде төтеп берудің, сондай-ақ олардың салдарын жоюда бірлесіп жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтті. Бұған қоса Х.Бәделхан Қазақстан Президентінің саяси бастамаларымен және елімізде жүргізіліп жатырған ішкі саяси реформалардың жүрісімен таныстырғаны үшін Елшіге рахмет айтты.

Өз кезегінде Х.Бәделхан Моңғолияда болып өткен басты саяси іс-шараларға тоқталып өтіп, Ұлы Хуралдың маңызды жұмыстарына және өзі сайланған Баян-Өлгий аймағында тұратын қандастарының өзекті мәселелерімен бөлісіп, Елшілік ұйымдастырып отырған арнайы рейстерге және қандастарға арналған бағдарламаларға алғысын білдірді.

Тараптар Қазақстанда қабылданған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қандастарымыздың балаларының елімізде білім алуы, көшу мәселелері мен азаматтардың құжаттарын қалыпқа келтіру, азаматтық алу/шығу мәселелерін пысықтады. Бұған қоса қандастарымыз тұратын аймақтарда Ж.Жабаевтың, Қ.Мұңайтпасұлының, Д.Нұрпейісованың, Ә.Бөкейхановтың, М.Мақатаевтың мерейтойларын тойлау шараларына талқылады.

Бұған қоса, жоғары және жоғарғы деңгейлердегі саяси диалогты кеңейту, сондай-ақ ЕҚЫҰ мен БҰҰ сияқты халықаралық ұйымдар шеңберіндегі бастамаларды ілгерілетуде өзара қолдау көрсету мәселелері бойынша сындарлы пікір алмасулар болды.

Тараптар биыл Қазақстан парламентіне 25-жыл толуына байланысты «Моңғолия-Қазақстан парламентаралық достық тобының» мүшелерімен кездесіп, екі елдің халық қалаулылары арасындағы ынтымақтастықты дамыту туралы шараларға тоқталып, екіжақты парламент депутаттары арасындағы өзара іс-қимылды жандандыру қажеттілігін атап өтті.

Кездесу соңында жоғарыда аталған ұйымдар шеңберінде өзара қолдау көрсету және ынтымақтастықты тереңдету, сондай-ақ бұдан әрі Қазақстан мен Моңғолия арасындағы парламентаралық өзара іс-қимылдың тетіктерін пысықтау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.