Қазақстан Елшісі Моңғолияның Жолдар және көлікті дамыту министрімен онлайн кездесу өткізді.

Қазақстан Елшісі Моңғолияның Жолдар және көлікті дамыту министрімен онлайн кездесу өткізді.

2021 ж. 4 наурызда Елші Ж.Әділбаев Моңғолияның Жолдар және көлікті дамыту министрі Л.Халтармен кездесті. Екі мемлекеттің арасында әуе қатынасы, тас жол мен темір жол салаларындағы жан-жақты ынтымақтастықты тереңдету мәселелері бойынша пікір алмасылды.  

Атап айтқанда, пандемияның шарт-жағдайында «Алматы-Өлгий» бағытындағы халықаралық жолаушылар тасымалын қалпына келтіру, екі елдің арасындағы әуе қатынасын ү.ж. 1-жартысында қалпына келтіру, сондай-ақ «Өлгий-Өскемен» бағытындағы әуе рейстерін ашу, темір жол техникасын Моңғолияның ішкі нарығына енгізу, екі елдің арасындағы жүк әуе тасымалын іске қосу мәселелері талқыланды.

Тараптар екіжақты Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясы 8-мәжілісінің (2021 ж. 25 қараша) хаттамалық шешімдерін орындау жолдарын пысықтады.

Сонымен бірге, тараптар Қазақстан мен Моңғолия арасындағы ең қысқа автокөлік жолын келешекте кеңінен пайдалану мәселесі жөнінде пікір алмасты.