Қазақстан Елшісі «Ұлан-Батыр қаласындағы Баян-Өлгий амағының Жерлестер Алқасы» үкіметтік емес ұйымының төрағасымен кездесті

Қазақстан Елшісі «Ұлан-Батыр қаласындағы Баян-Өлгий амағының Жерлестер Алқасы» үкіметтік емес ұйымының төрағасымен кездесті

2021 жылғы 2 наурызда Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Жалғас Әділбаев «Ұлан-Батыр қаласындағы Баян-Өлгий аймағының Жерлестер Алкасы» үкіметтік емес ұйымының төрағасы Тілеухан Нажкейұлымен кездесу өткізді.

«Ұлан-Батыр қаласындағы Баян-Өлгий аймағының Жерлестер Алкасы» ҮЕҰ Моңғолияда тұратын этникалық қазақтардың мүдделерін қорғайды, сондай-ақ олардың ана тілін, мәдениеті мен салт-дәстүрлерін сақтауға қолғабыс көрсетеді.

Кездесу барысында қазақ диаспорасы, этникалық қазақтарды тарихи отанына көшіру, Ұлан-Батыр қаласында қазақ тілі сыныбын ашу, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру және Моңғолияда ежелгі шығыс мерекесі Наурыз мейрамын тойлау мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасылды.