«Мәңгілік – ел мұраты» атты кітап көрмесі өтуде

«Мәңгілік – ел мұраты» атты кітап көрмесі өтуде

Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшілігінің бастамасымен 120 мыңнан астам қандастарымыз мекендейтін Моңғолияның Баян-Өлгий аймағындағы Ақтан Бабиұлы атындағы орталық кітапханада Қазақстан Республикасының 30 жылдық Тәуелсіздігіне орай «Мәңгілік – ел мұраты» атты кітап көрмесі ашылды.

Аталған көрме 2019 жылы осы Кітапханада ашылған «Қазақстанның мәдениеті мен әдебиеті» орталығында орналасып, Қазақстаннның 30 жыл ішінде қол жеткізген жетістіктерімен танысқысы келген оқырмандарға арналған.

«Баян-Өлгий аймағын мекендейтін қазақ жұртшылығы Қазақстанның жетістіктерімен, тарихи отанымызда соңғы жылдары орын алып отырған экономикалық және саяси өзгерістермен таныс болу үшін осындай кітаптар көрмесін ұйымдастырудамыз.», - деді Ақтан Бабиұлы атындағы орталық кітапхананың меңгерушісі Алтынгүл Дәлелқызы.

Кітапхана қызметкерлерінің айтуынша, бұл көрме әлі де қазақ тілінде басылған кітаптар мен және оқушылардың шығармашылық туындылармен толықтырылатын болады.