Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы туралы

Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы туралы

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына біржолғы әкелінген немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан біржолғы әкетілген кезде осындай қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) жол чектерінің жалпы сомасы қолданыстағы валюта бағамы бойынша 10 000 АҚШ долларына баламалы сомадан асып кетсе кедендік декларациялауға жатады.

«Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 830 Жарлығымен Қазақстан Республикасынан қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын 10 000 АҚШ долларының баламасынан асатын сомада Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің әкету күніне белгіленген бағамына сәйкес әкетуге тыйым салынған.

Кеден заңнамасының жоғарыда аталған талаптарын бұзу әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғуы мүмкін.