Қазақстан мен Моңғолия сауда-инвестициялық байланыстарды нығайтуда

Қазақстан мен Моңғолия сауда-инвестициялық байланыстарды нығайтуда

Ұлан-Батыр, 2026 жылғы 18 маусым – «QazExportPromotion» АҚ мен моңғолиялық «MAКС Group» компаниясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Құжат Моңғолияда Серіктестік кеңсесін құруды көздейді. Бұл кеңсе қазақстандық экспортты ілгерілетуге, инвестициялық өзара іс-қимылды дамытуға және екі ел кәсіпкерлері арасындағы іскерлік байланыстарды кеңейтуге арналған тұрақты алаңға айналады.

Кеңсе қазақстандық тауарларды ілгерілетуге, сенімді серіктестерді іздеуге, бизнес-бастамаларды сүйемелдеуге, салалық көрмелер мен таныстырылымдарды ұйымдастыруға, сондай-ақ экономиканың басым секторларында бірлескен жобаларды іске асыруға жәрдемдеседі.

Ынтымақтастық аясында Қазақстан мен Моңғолия нарықтарына шығуға мүдделі компанияларға практикалық қолдау көрсетуге, өзекті іскерлік ақпарат алмасуға, сауданың перспективалы бағыттарын айқындауға және бизнес-қоғамдастықтар арасындағы тікелей байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударылады.

Меморандумға қол қою қазақстан-моңғол экономикалық әріптестігін дамытудағы маңызды қадам болды және тараптардың сауда-инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі арттыруға дайын екенін растады.