Қазақстан Республикасының Елшілігі Моңғолияда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шара өткізді

Қазақстан Республикасының Елшілігі Моңғолияда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шара өткізді

Ұлан-Батыр, 2026 жылғы 29 мамыр – Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшілігі Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ұлан-Батыр қаласындағы балабақшалардың бірінде тәрбиеленіп жатқан 40-қа жуық балаға арнап мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шара аясында Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтақынов кішкентай қонақтарға құттықтау сөз сөйлеп, қарапайым тілмен Қазақстан туралы айтып берді. Ол бауырлас мемлекеттер арасындағы берік достық тек саяси диалог арқылы ғана емес, халықтар арасындағы өзара құрметті нығайту арқылы да қалыптасатынын атап өтті. Бұл үдерісте өскелең ұрпақты екі елдің мәдениетімен, тарихымен және салт-дәстүрімен ерте жастан таныстыру ерекше маңызға ие.

Балаларға Қазақстан туралы арнайы бейнеролик көрсетілді. Сондай-ақ, кішкентай қонақтарға ұлттық тағамдар қойылған мерекелік дастарқан жайылды. Қазақтың әні мен күйі іс-шараның шырайын аша түсті.