«Study in Kazakhstan» білім жәрмеңкесі туралы

«Study in Kazakhstan» білім жәрмеңкесі туралы

Хабарландыру

Моңғол жастарының Орталық Азиядағы ірі мемлекет – Қазақстанда білім алуына жаңа жол ашылмақ. 

2026 жылғы 13-14 мамыр күндері Ұлан-Батыр қаласындағы «Corporate Hotel» қонақ үйінің  Convention орталығында «Study in Kazakhstan» атты білім жәрмеңкесі өтеді.

Қазақстанның ең белді 20 жоғары оқу орнының өкілдері Моңғолия азаматтарына еліміздің білім беру саласының артықшылықтары мен ерекшеліктерін таныстырады.

Бұл іс-шара Қазақстан мен Моңғолия арасындағы академиялық және ғылыми ынтымақтастықты дамыту және моңғол жастарының Қазақстанда білім алу мүмкіндіктерін арттыру үшін ұйымдастырылуда.

Білім көрмесінің аясында:

  • Бакалавриат, магистратура және докторантура дәрежесі;
  • Инженерия, ІТ, жасанды интеллект, медицина, педагогика, бизнес, халықаралық қатынас және басқа да мамандықтар;
  • академиялық мобильділік және халықаралық студент алмасу бағдарламасы;
  • бірлескен білім беру және қос диплом беру бағдарламасы;
  • шетел студенттерінің халықаралық және мемлекеттік стипендия алу мүмкіндігі;
  • Қазақстанның ЖОО-ына оқуға түсу жолдары мен тұрмыстық мәселелер бойынша толыққанды ақпарат беріледі.

Көрмеге келушілердің:   

  • 20 университет өкілдерінен тікелей ақпарат және ақыл-кеңес алуына;
  • Қазақстанда білім алудың артықшылықтары, оның болашақта лауазымдық өсуге ықпалы туралы мәлімет алуына;
  • ЖОО-ының инфрақұрылымымен, ғылыми орталықтарымен, инновациялық жобаларымен танысуына;
  • Таныстырылым шараларына қатысып, ЖОО өкілдерімен кездесіп, өзін толғандырған сұрақтарға жүзбе-жүз жауап алуына толық мүмкіндігі бар.   

Бұл көрме – Қазақстан мен Моңғолияның білім беру, ғылым, және жастар саясаты саласындағы ынтымақтастығын нығайта түсу жолындағы маңызды қадам. Онда университетаралық ықпалдастыққа, академиялық алмасу аясын кеңейтуге, ғылым-білім саласында ортақ жобаларды жүзеге асыруға айрықша назар аударылады.  

Білім көрмесі екі елдің ЖОО-ы арасында тікелей қарым-қатынас орнататын, ынтымақтастықтың болашағы зор бағыттарын талқылайтын және екіжақты келісім шарттар жасайтын маңызды платформа болмақ.   

Қазақстан білім беру ісінде көптеген жетістікке жеткен, ғылым саласы қарқынды дамып келе жатқан мемлекет болып табылады. Орталық Азияданың негізгі білім және ғылым орталығы саналатын Қазақ елінде сан түрлі мемлекеттен келген ондаған мың шетел студенті білім алуда. Заманауи білім беру инфрақұрылымы мен білім бағдарламалары бойынша халықаралық аккредитациялардың болуы, ғылыми зерттеулердің дамуы, цифрлық технологиялардың жаппай енгізілуі қазақстандық университеттерді сапалы білім алып, бәсекеге қабілетті болғысы келетін азаматтар үшін барынша тартымды ете түседі.      

«Study in Kazakhstan» – академиялық көкжиекті кеңейтудің, халықаралық тәжірибе жинақтаудың, қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанның білім кеңістігінің ажырамас бөлігіне айналудың ең төте жолы!   

Еліміздің жоғары оқу орындары ұсынатын тың мүмкіндіктерді пайдаланып, ең сұранысқа ие мамандықтар бойынша заманауи білім алуға асығыңыздар!

Мекен-жайы: Ұлан-батыр қаласы, 15-хороо, Хан-уул ауданы, Махатма Ганди көшесі-39, «Corporate Hotel» қонақ үйінің  Convention орталығы.

Өтетін уақыты: 2026 жылғы 13 мамыр, 11.40 – 20.00; 2026 жылғы 13 мамыр, 09.00 – 20.00.