
Астана, 2026 жылғы 21 сәуір
Астанада Қазақстан-Моңғолия бизнес-форумы өтті
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин және Моңғолия Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Жадамбын Энхбаяр қатысты.
Іс-шараны «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ ұйымдастырып, екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталды.
Форумға 300-ден астам мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері қатысты;
Сауда айналымы 7%-ға өсіп, 58 млн АҚШ долларынан асты;
Энергетика, логистика, өнеркәсіп және технологиялар бағыттары талқыланды.
Форум аясында «KAZAKH INVEST» Инвестициялар тарту және маркетинг департаментінің Директоры Әсел Суанкулова Қазақстанның инвестициялық әлеуетін таныстырып, бірлескен жобаларға шақырды.