
Ховд, 2026 жылғы 24 наурыз – Ховд аймағына жұмыс сапары аясында Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі А.Сейтақынов Ховд аймағы губернаторының орынбасары Л.Энхбаярмен кездесті.
Келіссөздер барысында тараптар өңірлік деңгейдегі қазақ-моңғол ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамытудың перспективаларын, оның ішінде сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және өңіраралық өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.
Қазақстан мен Ховд аймағы арасындағы байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударылды. Осы мәнмәтінде ауыл шаруашылығы, білім беру және туризм салаларындағы байланыстарды кеңейту мүмкіндіктері қарастырылды.
Өңіраралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам ретінде 2025 ж. қыркүйекте ҚР Шығыс Қазақстан облысы мен Ховд аймағы арасында бауырластық қатынастар орнату туралы меморандумға қол қойылғаны атап өтілді. Тараптар аталған құжаттың практикалық өзара іс-қимылды жандандыру мен бірлескен бастамаларды іске асырудағы маңызын атап өтті.
Сұхбаттастар Қазақстан мен Моңғолия арасындағы достық қатынастарды тереңдетуге бағытталған сындарлы диалогты одан әрі дамытуға және бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға өзара мүдделілік білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша практикалық өзара іс-қимылды жалғастыруға дайындық білдірілді.