Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісінің Баян-Өлгий аймағының Әкімімен кездесуі туралы

Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісінің Баян-Өлгий аймағының Әкімімен кездесуі туралы

Өлгий, 2026 жылғы 23 наурыз – Баян-Өлгий аймағына жұмыс сапары аясында Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтақынов Баян-Өлгий аймағының Әкімі Зангар Есентайұлымен кездесті.

Келіссөздер барысында тараптар өңіраралық деңгейдегі қазақ-моңғол ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамытудың перспективаларын, соның ішінде сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, білім беру және туристік салалардағы өзара іс-қимылды талқылады.

Іскерлік байланыстарды кеңейту, ауыл шаруашылығы, көлік, логистика, сондай-ақ шағын және орта бизнес салаларындағы бірлескен бастамаларды қолдау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, білім беру саласындағы ынтымақтастық, оның ішінде Моңғолия азаматтарына Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алу үшін гранттар беру мәселелері қаралды.

А.Сейтақынов қазақстандық тарап екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын нақты жобаларды іске асыруға мүдделі екенін атап өтті.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту аясында қазақстандық тарап 300 дана кітапты сыйға тартты, бұл гуманитарлық байланыстарды дамытудың нақты көрінісі болды.

Өз кезегінде, Баян-Өлгий аймағының Әкімі қазақстандық серіктестермен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, сондай-ақ мәдениет, білім беру және кәсіпкерлік салаларындағы алмасуларды жандандыруға дайын екенін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар достық қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға өзара ниетті екендерін растады.