
2026 ж. 2 маусымнан бастап «Астана – Ұлан-Батыр – Астана» бағыты бойынша тікелей тұрақты әуе рейстері іске қосылады. Тасымалдауды қазақстандық «SCAT» әуе компаниясы жүзеге асырады.
Астана қаласынан Ұлан-Батыр қаласына рейстер аптасына екі рет – сейсенбі және жұма күндері орындалады. Ал Ұлан-Батырдан Астанаға кері рейстер сәрсенбі және сенбі күндеріне жоспарланған.
Әуе билеттері әуе компаниясының ресми сайты – «scat.kz» арқылы брондауға қолжетімді. Рейстер заманауи әуе кемелерімен орындалады, ал ыңғайлы кесте мен тұрақты ұшу жиілігі бұл жаңа бағытты туристік және іскерлік сапарлар үшін барынша қолайлы етеді.