
Ұлан-Батыр, 2026 жылғы 18 наурыз – Қазақстан Республикасының сауда миссиясы аясында «QazTrade» АҚ, ірі қазақстандық компаниялардың өкілдері, кәсіпкерлер мен экспорттаушылар, сондай-ақ жергілікті іскер топ өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум өтті. Іс-шараға моңғолиялық 30-дан астам компаниялар мен іскерлік бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Форум барысында ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрі А.Бижанова, Моңғолия Экономика және даму министрінің орынбасары С.Даваасурэн, ҚР Елшісі А.Сейтақынов және өзге де қатысушылар сөз сөйледі.
Форумның маңызды практикалық нәтижелерінің бірі оның қатысушылары арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылуы болды.
Жалпы, сауда миссиясы екі елдің іскер топтары арасында тікелей байланыстар орнатуға арналған маңызды алаңға айналып, өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, бірлескен жобаларды ілгерілетуге және Қазақстан өнімдерінің Моңғолия нарығындағы қатысуын кеңейтуге қосымша серпін берді.