
Ұлан-Батыр, 2026 жылғы 16 қаңтар – Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтақынов Налайх ауданына жұмыс сапарымен барып, әкім Д.Наянбаярмен кездесті.
Келіссөздер барысында тараптар сауда-экономикалық байланыстарды нығайту, инвестициялық өзара іс-қимылды жандандыру, ауыл шаруашылығы, туризм және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері, өзара қызығушылық тудыратын өзге де бағыттар бойынша ынтымақтастықтың әлеуеті қарастырылды.
Кездесу аясында қалалар арасында әріптестік байланыстар орнату мүмкіндігі жөнінде пікір алмасылып, түрлі іс-шараларды, оның ішінде Наурыз мейрамын бірлесіп өткізудің маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар тұрақты байланыста болып, өзара тиімді әрі тығыз ынтымақтастықты одан әрі дамытуға уағдаласты.