Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтақынов Моңғолияның Ұлттық сауда-өнеркәсіп палатасы президенті Баатарджав Лхагважавпен кездесті

Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтақынов Моңғолияның Ұлттық сауда-өнеркәсіп палатасы президенті Баатарджав Лхагважавпен кездесті

Ұлан-Батыр, 2025 жылғы 10 қазан – Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтақынов Моңғолияның Ұлттық сауда-өнеркәсіп палатасы президенті Батарджав Лхагважавпен кездесті.

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Сұхбат барысында іскер топтар арасындағы өзара іс-қимылды тереңдету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Елші Моңғолияның Қазақстан үшін маңызды экономикалық әріптес екенін атап өтіп, өзара сауданы кеңейту, инвестиция тарту және көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі және туризм салаларындағы бірлескен жобаларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде Б.Лхагважав моңғол тарапының іскер байланыстарды жандандыруға, кәсіпкерлер арасындағы тікелей өзара іс-қимыл тетіктерін дамытуға, сондай-ақ екі ел компанияларының нарықтарға шығуы үшін қолайлы жағдай жасауға мүдделі екенін білдірді.

Тараптар Қазақстан мен Моңғолияның бизнес қауымдастықтары арасында тұрақты кездесулер мен өзара сапарларды жалғастыруға, сондай-ақ екі елдің сауда-өнеркәсіп палаталарының қолдауымен ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты.