Ұлан-Батыр, 2025 жылғы 7 қазан – Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтакынов Моңғолия Ғылым академиясының Халықаралық зерттеулер институтының (ХЗИ) директоры Дашням Золбоомен кездесті.
Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан-моңғол ғылыми-білім беру саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Елші екіжақты қатынастардың стратегиялық маңызын атап өтіп, білім мен ғылым саласындағы әріптестікті нығайтудың өзектілігіне тоқталды.
Өз кезегінде Д.Золбоо қазақстандық ғылыми-зерттеу орталықтарымен белсенді өзара іс-қимыл жасауға және серіктестік байланыстарды кеңейтуге дайын екенін білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ғылыми және сараптамалық мекемелер арасындағы тікелей ынтымақтастықты дамытуға және тығыз жұмыс байланыстарын қолдауға уағдаласты.