Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтакынов Хархорум қаласының әкімі Б.Бат-Эрдэнэмен келіссөздер жүргізді

Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтакынов Хархорум қаласының әкімі Б.Бат-Эрдэнэмен келіссөздер жүргізді

Ұлан-Батыр, 2025 жылғы 22 қыркүйекте – Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтакынов Хархорум қаласына жұмыс сапары аясында, қала әкімшілігінің басшысы Б.Бат-Эрдэнэмен кездесті.

Келіссөздер барысында тараптар ауыл шаруашылығы, туризм, мәдениет және өзара қызығушылық тудыратын басқа да салалардағы ынтымақтастықтың болашағын талқылады.

Елші қазақстандық тараптың астана көшіру тәжірибесімен, «ақылды қалаларды» басқару және дамыту, цифрландыру мен IT-технологияларды енгізу арқылы қалалық басқарудың тиімділігін арттыру және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бағыттарында тәжірибе алмасуға дайын екенін атап өтті.

Өз кезегінде Б.Бат-Эрдэнэ қазақстандық қалалармен тікелей байланыс орнатуға, сондай-ақ энергетика және инфрақұрылым салаларында бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделілігін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрақты байланыстарды жалғастырып, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты.

* 2022 ж. Моңғолия Президенті У.Хүрэлсүх Хархорум қаласын қайта қалпына келтіру туралы жарлыққа қол қойды. Ү.ж. маусым айында жаңа қаланың құрылысы басталды.