Ұлан-Батыр, 2025 жылғы 17 қыркүйек – Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Сейтакынов Алмас Моңғолияның Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп министрі Жадамбын Энхбаярмен кездесті.
Келіссөздер барысында тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, екі ел арасындағы тауарлар экспорты мен импортының көлемін арттыру, өзара тауар айналымын ұлғайту, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асырудың келешегі жөнінде жан-жақты пікір алмасты.
Тараптар Қазақстан мен Моңғолия арасындағы Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысын жоғары деңгейде өткізу маңыздылығын ерекше атап өтіп, аталған іс-шараға дайындық мәселелері бойынша ой-пікірлерін ортаға салды.