Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтақыновтың Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының депутаты, «Моңғолия–Қазақстан» парламенттік достық тобының жетекшісі Ухнаагийн Отгонбаярмен келіссөздері туралы

Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтақыновтың Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының депутаты, «Моңғолия–Қазақстан» парламенттік достық тобының жетекшісі Ухнаагийн Отгонбаярмен келіссөздері туралы

Ұлан-Батыр, 2025 жылғы 1 қыркүйек – Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтақынов Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының депутаты, «Моңғолия – Қазақстан» парламенттік достық тобының жетекшісі Ухнаагийн Отгонбаярмен кездесті.

Келіссөздер барысында тараптар парламенттік ынтымақтастықты одан әрі нығайту, саяси диалогты кеңейту және депутаттық топтар арасындағы алмасуларды дамыту жолдарын талқылады. Әсіресе сауда-экономикалық серіктестікті арттыру, көлік-логистика саласындағы өзара іс-қимылды тереңдету, сондай-ақ гуманитарлық және білім беру бағыттарындағы байланыстарға ерекше назар аударылды.

А.Сейтақынов Қазақстанның Моңғолиямен жан-жақты қатынастарды тереңдетуге бейілділігін атап, халықтар арасындағы өзара түсіністік пен достықты нығайтуда парламенттік дипломатияның маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде У.Отгонбаяр екіжақты ынтымақтастықты мазмұнды толықтыруға қолдау көрсетуге дайын екенін білдіріп, екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы тұрақты өзара іс-қимылдың маңыздылығына назар аударды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар белсенді диалогты жалғастыруға және екі елді одан әрі жақындастыруға бағытталған бірлескен іс-шараларды жүзеге асыруға ниетті екендіктерін растады.