Ұлан-Батыр, 2025 жылғы 21 тамыз – Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі А.Сейтақынов Моңғолияның Көлік және жол министрі Д.Борхумен кездесті.
Келіссөздер барысында тараптар автомобиль, әуе және теміржол көлігі салаларындағы ынтымақтастықты дамытудың перспективаларын талқылады. Көлік саласындағы өзара іс-қимылды жандандырудың туризмді, сауданы және гуманитарлық байланыстарды кеңейту үшін айрықша маңызға ие екені атап өтілді.
Сондай-ақ, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, транзиттік әлеуетті арттыру және екіжақты тасымалдар көлемін ұлғайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша көлік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің, сондай-ақ осы бағыттағы нақты бастамалар мен жобаларды іске асыруды қолдаудың қажеттілігі туралы ортақ түсінікке қол жеткізілді.