Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтақынов Моңғолияның Қорғаныс министрі Батлут Дамбамен келіссөзі туралы

Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтақынов Моңғолияның Қорғаныс министрі Батлут Дамбамен келіссөзі туралы

Ұлан-Батыр, 2025 жылғы 12 тамыз – Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтақынов Моңғолияның Қорғаныс министрі Батлут Дамбамен кездесті.

Келіссөздер барысында Қорғаныс ведомствосының басшысы А.Сейтақыновты Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі болып тағайындалуымен, сондай-ақ полковник Ғ.Жантаевты әскери атташе лауазымында жұмысын бастағанмен құттықтады.

Д.Батлут Моңғолияның қорғаныс саласындағы екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға ниеттігін айтып, екі жақты ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге шығару мүмкіндігіне сенім білдірді.

Өз кезегінде А.Сейтақынов Қазақстан мен Моңғолия арасындағы қорғаныс саласындағы байланыстарды дамыту үшін зор әлеует бар екенін атап өтіп, қазақстандық тараптың барлық перспективалы бағыттар бойынша белсенді өзара іс-қимыл жасауға дайын екендігін растады.

Тараптар бірлескен оқу-жаттығуларды өткізу мүмкіндігі мен әскери ынтымақтастықты кеңейту перспективалары бойынша пікір алмасты.