ҚР Елшісі Алмас Сейтақынов сенім грамоталарының көшірмелерін табыстағаны туралы

ҚР Елшісі Алмас Сейтақынов сенім грамоталарының көшірмелерін табыстағаны туралы

Ұлан-Батыр, 2025 ж. 4 маусым – Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алмас Сейтақынов Моңғолияның Сыртқы қатынастар министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Л.Мөнхтүшигке сенім грамоталарының көшірмелерін табыстады.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда, көлік, логистика, ауыл шаруашылығы сияқты салалардағы стратегиялық әріптестікті дамыту, сондай-ақ 2025 ж. жоғары деңгейдегі өзара сапарларды іске асыру мен кезекті үкіметаралық комиссияның отырысын ұйымдастыру бойынша пікір алмасты.