Қазақстан консулы «Мәңгілік алау» мемориалына гүл шоқтарын қойды

Қазақстан консулы «Мәңгілік алау» мемориалына гүл шоқтарын қойды

2025 жылғы 9 мамырда Қазақстан Республикасының Түрікменбашы (Түрікменстан) қаласындағы Консулы Жәнібек Жұмбергенов Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы құрметіне орай гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Іс-шара Каспий жағалауындағы Түрікменбашы қаласындағы «Мәңгілік алау» мемориалында өтті.

Рәсімге қатысушылар қатарында қала хякимі Амангелді Исаев, Түркіменстан СІМ өкілі Йалкапберди Муратгелдиев, Ресейдің Түрікменстандағы Елшілігінің Түрікменбашы қаласындағы Консулдық пунктінің басшысы Мерген Джеваков, сондай-ақ Хяклимлик өкілдері мен ақсақалдар, ведомстволар мен ұйымдардың басшылары, БАҚ өкілдері болды.